Мазмұнға өту

«Туған өлке» диктанты

4-сынып · 62 сөз · 11 сөйлем

Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.

Онлайн жаз
Мәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)

Әр адамның туып-өскен жері болады.

Менің туған ауылым Сырдарияның жағасында орналасқан.

Ауылымыздың жері кең, адамдары қонақжай.

Жазда өзенде шомыламыз, балық аулаймыз.

Күзде егістікте күріш орағы басталады.

Ауыл адамдары бір-біріне көмектесіп, бірлесе еңбек етеді.

Кешке үлкендер ауыл тарихын әңгімелейді.

Біз олардың әңгімесін ұйып тыңдаймыз.

Қай жерге барсам да, туған ауылымды сағынамын.

Мен өскенде ауылымның көркеюіне үлес қосамын.

Туған жер – адамның алтын бесігі.

4-сынып: басқа диктанттар

4-сынып диктанттарының бәрі →