«Көктем» диктанты
5–7 сынып · 63 сөз · 11 сөйлем
Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.
Онлайн жазМәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)
Көктем шығып, күн жылына бастады.
Таулардан аққан бұлақтар сылдырлап, өзенге құйылады.
Даладағы қар еріп, жер көгере бастады.
Бақтардағы ағаштар ақ гүлге оранды.
Аспанда тырналар тізбегі көрінді.
Олар алыс сапардан туған жеріне оралды.
Шопандар жайлауға көшуге қамданып жатыр.
Егіншілер егіс алқабына тұқым себуге дайындалды.
Ауыл балалары бұзау мен қозыларды қуалап ойнайды.
Табиғатпен бірге адамдардың көңілі де көтеріледі.
Үлкендер көктемді жаңа өмірдің басы деп санайды.