Мазмұнға өту

«Наурыз» диктанты

5–7 сынып · 65 сөз · 12 сөйлем

Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.

Онлайн жаз
Мәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)

Наурыз – ұлыстың ұлы күні.

Наурыз көктемнің келуімен тұспа-тұс келеді.

Осы кезде күн мен түн теңеледі.

Бұл күні адамдар бір-біріне барып, құттықтайды.

Олар «Ұлыс оң болсын!» деп ізгі тілек айтады.

Ренжіскендер татуласып, бір-бірін кешіреді.

Үйлерде дастарқан жайылып, қонақ күтіледі.

Әр үйде наурыз көже пісіріледі.

Көжеге жеті түрлі тағам салынады.

Жастар алтыбақан құрып, ән айтады.

Үлкендер жастарға ақ батасын береді.

Наурыз – бірлік пен мейірімнің мерекесі.

5–7 сынып: басқа диктанттар

5–7 сынып диктанттарының бәрі →