Мазмұнға өту
🔥 5 күн қатарынан⚡ +10 ұпай✓ Дұрыс!🏡

Қазақша жазуды ойнап үйрен!

Күніне 5 минуттық ойын: тыңда, таңда, жаз. Әр дұрыс жауапқа – ұпай, әр қатеге – түсіндірме.

Әзірге тегін · Тіркелусіз · 5 жастан 11-сыныпқа дейін

· ·

Қазір ойнап көр

Бір сұрақтан бастап көр

Қателессең – ештеңе етпейді: ереже айтылады, сен тағы байқап көресің. Сабақта қателескен сұрағың соңында қайта шығады.

🔥 3

Ағаштың ___ сарғайды. Қайсысы дұрыс?

Сенің әлемің

Жазған сайын әлемің өседі

Ойын – бірақ шын сабақ

Мектеп бағдарламасы бойынша

Әр сабақ сыныбыңның бағдарламасындағы бір ережеге сай: 2-сыныптан 11-сыныпқа дейін.

Қате сөз қайта оралады

Қателескен сөзің бірнеше күннен соң қайта шығады – сөйтіп есіңде қалады.

Өз деңгейіңде

Жақсы жазсаң – қиындайды, қиналсаң – көмек қосылады.

100
диктант
17
мазмұндама
21
шығарма, эссе
5 мин
бір сабақ

Әдістеме: Выготский, Дуэк, аралық қайталау →

Үлкендерге

Ата-анаға

  • ✓Бала тіркелмейді, аты ғана жеткілікті
  • ✓Балаға жарнама да, «сатып ал» да жоқ
  • ✓Апталық есеп: не жазды, қай қате қайталанады
  • ✓Қазақшаңыз әлсіз болса да бірге жаза аласыз

Мұғалімге – тегін

  • ✓Сынып ашасыз, балалар 6 таңбалы кодпен кіреді
  • ✓Әр жұмысты жүйе өзі тексереді
  • ✓Кім қай ережеде қиналады – бір кестеде
  • ✓Сыныптың өсуі және әр балаға қысқа пікір

Жиі сұралатыны

Ақысы бар ма?

Қазір бәрі тегін. Кейін үйде күніне 3 сабақтан көп ойнағысы келетін балаларға ата-анаға арналған тариф ашылады. Мектептегі тапсырма мен мұғалімнің құралдары тегін болып қалады.

Баланың жазғаны қайда сақталады?

Тек сол құрылғыда. Сынып не отбасы тобына қосылса, мұғалім мен ата-ана жұлдызы мен жиі қатесін көреді, жазған мәтіні жіберілмейді.

Тіркелу керек пе?

Балаға керек емес: аты мен сыныбын таңдайды да, ойнай береді. Сынып ашатын мұғалім ғана кіреді.

Қазақша пернетақта керек пе?

Болмаса, әріптерді бір басумен қоятын қатар шығады.

Бүгін 5 минут ойнап көр!

Бастау