Қазақша жазуды ойнап үйрен!
Күніне 5 минуттық ойын: тыңда, таңда, жаз. Әр дұрыс жауапқа – ұпай, әр қатеге – түсіндірме.
Әзірге тегін · Тіркелусіз · 5 жастан 11-сыныпқа дейін
· ·
Қазір ойнап көр
Бір сұрақтан бастап көр
Қателессең – ештеңе етпейді: ереже айтылады, сен тағы байқап көресің. Сабақта қателескен сұрағың соңында қайта шығады.
Ағаштың ___ сарғайды. Қайсысы дұрыс?
Сенің әлемің
Жазған сайын әлемің өседі
Ойын – бірақ шын сабақ
Мектеп бағдарламасы бойынша
Әр сабақ сыныбыңның бағдарламасындағы бір ережеге сай: 2-сыныптан 11-сыныпқа дейін.
Қате сөз қайта оралады
Қателескен сөзің бірнеше күннен соң қайта шығады – сөйтіп есіңде қалады.
Өз деңгейіңде
Жақсы жазсаң – қиындайды, қиналсаң – көмек қосылады.
- 100
- диктант
- 17
- мазмұндама
- 21
- шығарма, эссе
- 5 мин
- бір сабақ
Үлкендерге
Ата-анаға
- ✓Бала тіркелмейді, аты ғана жеткілікті
- ✓Балаға жарнама да, «сатып ал» да жоқ
- ✓Апталық есеп: не жазды, қай қате қайталанады
- ✓Қазақшаңыз әлсіз болса да бірге жаза аласыз
Мұғалімге – тегін
- ✓Сынып ашасыз, балалар 6 таңбалы кодпен кіреді
- ✓Әр жұмысты жүйе өзі тексереді
- ✓Кім қай ережеде қиналады – бір кестеде
- ✓Сыныптың өсуі және әр балаға қысқа пікір
Жиі сұралатыны
Ақысы бар ма?
Қазір бәрі тегін. Кейін үйде күніне 3 сабақтан көп ойнағысы келетін балаларға ата-анаға арналған тариф ашылады. Мектептегі тапсырма мен мұғалімнің құралдары тегін болып қалады.
Баланың жазғаны қайда сақталады?
Тек сол құрылғыда. Сынып не отбасы тобына қосылса, мұғалім мен ата-ана жұлдызы мен жиі қатесін көреді, жазған мәтіні жіберілмейді.
Тіркелу керек пе?
Балаға керек емес: аты мен сыныбын таңдайды да, ойнай береді. Сынып ашатын мұғалім ғана кіреді.
Қазақша пернетақта керек пе?
Болмаса, әріптерді бір басумен қоятын қатар шығады.