«Ана тілі» диктанты
3-сынып · 37 сөз · 6 сөйлем
Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.
Онлайн жазМәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)
Ана тілі – халықтың жаны.
Біз ана тілімізде сөйлейміз, ойлаймыз, өлең шығарамыз.
Абай, Мағжан, Мұқағали өз өлеңдерін қазақ тілінде жазған.
Тілін білген адам халқының тарихын біледі.
Сондықтан ана тілімізді құрметтейік.
Оны таза сақтау – әрбір баланың міндеті.