«Ұқыптылық» диктанты
3-сынып · 40 сөз · 8 сөйлем
Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.
Онлайн жазМәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)
Ұқыпты бала кітабын, дәптерін, қаламын ретімен жинайды.
Ол сабаққа кешікпей келеді.
Үстелінің үсті әрқашан таза.
Асхат ағасының кітаптарын да орнына қояды.
Ұқыптылық кішкентай істен басталады.
Бүгін жинамаған зат ертең жоғалады.
Киімін де өзі тазалап іледі.
Ондай балаға ешкім ескерту жасамайды.