«Отан» диктанты
3-сынып · 40 сөз · 7 сөйлем
Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.
Онлайн жазМәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)
Менің Отаным – Қазақстан.
Біздің еліміз өте кең әрі әдемі.
Онда биік таулар, көк көлдер, ұлан-байтақ дала бар.
Елімізде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.
Әр адам өз Отанын сүйеді.
Мен де туған жерімді жақсы көремін.
Өскенде еліме пайдамды тигіземін.