«Арал тағдыры» диктанты
5–7 сынып · 59 сөз · 10 сөйлем
Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.
Онлайн жазМәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)
Арал бір кезде дүниедегі төртінші ірі теңіз болған.
Айналасында балықшы ауылдары тұрған.
Өзен суы егінге бұрылғаннан кейін теңіз тартыла бастады.
Кемелер құмда қалды.
Тұзды шаң желмен алысқа ұшты.
Адамдар ауырды, көбі көшіп кетті.
Қазір солтүстік бөлігі бөгет арқылы қалпына келтіріліп жатыр.
Табиғатқа жасалған қиянат ұзақ жылға созылады екен.
Балық қайта пайда бола бастады.
Бірақ теңіздің бұрынғы қалпына оралуы екіталай.