«Компьютер» диктанты
3-сынып · 40 сөз · 7 сөйлем
Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.
Онлайн жазМәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)
Компьютер – пайдалы құрал.
Онымен сабақ дайындауға, сурет салуға, кітап оқуға болады.
Бірақ оның алдында ұзақ отыруға болмайды.
Көз шаршайды, арқа ауырады.
Әр жарты сағат сайын тұрып, қимылдау керек.
Асхат экранға күніне бір сағат қана қарайды.
Қалған уақытын далада өткізеді.