Мазмұнға өту

«Тіл» диктанты

8–11 сынып · 83 сөз · 10 сөйлем

Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.

Онлайн жаз
Мәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)

Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы.

Ана тілін білмеген адам өз тарихынан, мәдениетінен алыстай береді.

Ана тілі ананың әлдиімен, ертегісімен бойға дариды.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ғылыми негізін қалады.

Ол алғашқы әліппе мен оқулықтарды жазып, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандыруды мақсат етті.

Бүгінде ғалымның еңбектері тіл біліміне негіз болып отыр.

Тілді білу – оны сөйлеу ғана емес, сауатты жаза білу де.

Сондықтан әр сөзді дұрыс жазуға, орынды қолдануға тырысу керек.

Бай тілді бай сөзбен ұрпаққа жеткізу бәрімізге міндет.

Тілімізді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз.

8–11 сынып: басқа диктанттар

8–11 сынып диктанттарының бәрі →