Мазмұнға өту

«Ұлы дала» диктанты

8–11 сынып · 88 сөз · 11 сөйлем

Сайт мәтінді дауыстап оқиды: алдымен тұтас, сосын бөліп-бөліп баяу. Сен естігеніңді жазасың, қатең бірден түсіндіріледі.

Онлайн жаз
Мәтінді көрсету (мұғалім мен ата-анаға)

Ұлы дала ғасырлар бойы көшпелі өркениеттің бесігі болған.

Жылқыны алғаш рет осы өңірде қолға үйреткен деген ғылыми болжам бар.

Сақтар мен ғұндар, түркілер осы кең байтақ өлкені мекендеген.

Көшпелі халық табиғатпен үндесіп өмір сүрді.

Олар жыл мезгіліне қарай қыстау мен жайлауға көшті.

Киіз үй – көшпенділердің ғажайып өнертабысы.

Оны бір сағаттың ішінде тігіп, жығып алуға болады.

Есік қорғанынан табылған Алтын адам әлемге әйгілі болды.

Ол ежелгі шеберлердің өнері қаншалықты биік болғанын көрсетеді.

Ұлы Жібек жолы осы далада шығыс пен батысты жалғады.

Бабалар мұрасын сақтау – бүгінгі ұрпақтың міндеті.

8–11 сынып: басқа диктанттар

8–11 сынып диктанттарының бәрі →